«Ел астанасы: инновация және модернизация орталығы»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ел астанасы: инновация және модернизация орталығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жалпы Нұрсұлтан күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи-танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор.

Imdo/Images/News/1661.jpgЕлорда тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Бұл біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Нұрсұлтан барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Елорда Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Жиынға елордадан арнайы филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Шәріп Амантай Жарылқасынұлы келіп, «Қазақ астанасының Ақмешітке көшу тарихы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Конференцияда сондай-ақ, Филология, тарих және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тайман Сағат Тамшыбайұлының «Елорданың тарихы», Экономика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Кұлмырзаев Нұрлан Серікұлының «Индустрия 4.0 – Қазақстандағы орны мен рөлі» және дінтану магистрі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Философия және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлының «Казахстан на распутье», «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы Есепке алу және статистикалық сектор меңгерушісі Мамбетов Асылбек Рахметұлының «Сырт мемлекет жастарының Нұр-Сұлтан қаласына көзқарасы» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Осылайша, жиынға қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.

 

   

 

 

JoomShaper