Кезекті диссертациялық жұмыс сәтті қорғалды

2019 жылдың 1 шілде күні 8D017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау (6D011700- Қазақ тілі мен әдебиеті) бағыты бойынша Диссертациялық кеңестің отырысы өтті.

Диссертациялық кеңес отырысында Жолмаханова Ақерке Болатқызы «Қазақ эмигранттарының естеліктері және мемуарлық шығармаларды оқыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында орындап, қазақ тілінде қорғады.
Ғылыми кеңесшілер - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б.Кәрібозұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Б.А.Тұрғынбаева және Қажы Байрам Вели университетінің доктор-профессоры Хулия Касапоглу Ченгел (Түркия).
Ашық түрде қорғалған диссертациялық кеңес отырысына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Б.Ө.Жақып пен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Т.Р.Әбдіқадырова рецензент ретінде қатысты.
А.Б.Жолмаханованың диссертациялық жұмысын ашық түрде қорғау нәтижесінде және диссертациялық кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беру негізінде диссертантқа философия докторы (PhD) дәрежесін беру ұсынылды.

 

 

JoomShaper