Ашық көрме

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Ашық көрме» тақырыбында ашық аспан астында қала тұрғындарына кітаптар көрмесін өткізді. Шара ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасына арналған көрмеде қала тұрғындары психология, философия, экономика сынды тақырыптарында аударылған кітаптармен танысты. Шараның басты мақсаты да осы, яғни «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына кітап оқуды насихаттап, оқулықтармен таныстыру. Шара барысында университет «Ұлттық домбыра күнін» де атап өтті. Ашық көрме сөресіне домбыра тақырыбына арналған кітаптар да қойылды. Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Ұлттық домбыра күнінің бекітілуі елдегі ұлттық музыкалық дәстүрлі өнерге тың серпін берді. Яғни, дәстүрлі ән өнерін үзбей жалғастырып келе жатқан әншілер, күй өнерінің бүгінгі шеберлерінің де өнер өрісі ашылып, сол арқылы халық шынайы ұлттық өнерге мойын бұрып, ұлт мәдениетінің қайта өрлеуіне негіз болды. Домбыра – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбырамен ұлттық музыкалық үлкен мәдениеті ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мыңжылдықтардан бері жалғасып келеді. Ұлттық домбыра күнінің арнайы жарлықпен бекітілуі Елбасы бастамасымен қабылданған “Рухани жаңғыру” бағдарламасымен өзектес.

   

JoomShaper