Сұрақ: Саламатсыздарма менің сұрағым: «Жүйке жүйесі ауруына шалдыққан ағам бар. Ауылда ата-анамызбен тұрады. Ол кісілерге оған қарау оңай емес. Ағамды қалаға көшіріп, оған күтуші жалдамақпын. Ағамның заңды түрдегі қамқоршысы (опекун) ретінде оның атынан баспанаға құжат тапсыра аламын ба? Бұл үшін қайда және қандай құжаттарды өткізуім керек?»

Жауап беруші: Алдабергенов Алмат

— Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68,74 баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға:
— ҰОС мүгедектері мен қатысушылары;
— ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер;
— 1 және 2 топтағы мүгедектер;
— Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
— ҚР Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
— Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
— Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-Оралмандар;
-Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
-Көп балалы отбасылар;
-Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
-Толық емес (асыраушысы жоқ, ажырасқандар) отбасылар жатады. Жоғарыда көрсетілген санаттарға енетін азаматтар кезекке тіркелу үшін Шымкент қаласының тұрғыны болуы және соңғы бес жыл көлемінде иелігінде тұрғын үйі болмауы шарт.
Сондықтан Сіз сұранысыңызда көрсетіп отырған азамат (аты-жөні көрсетілмеген) Шымкент қаласының тұрғыны болса, иелігінде соңғы 5 жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмесе және аталған санаттардың біріне енсе кезекке тіркелу үшін мекен-жайы бойынша хылыққа қызмет көрсету орталығына немесе «E-gov» электронды порталы арқылы электронды-санды қолтаңбасымен интернет желісі арқылы өтінім бере алатындығын хабарлаймыз.

JoomShaper