Сұрақ: «Жақында нәрестелі боламыз. Сұрайын дегенім, декреттік демалысты күйеуімнің атынан рәсімдеуге болады ма? Жалпы нәрестелі болған отбасы қандай төлемдерді ала алады?»

Жауап беруші: Алдабергенов Алмат

— Әрине, болады. Ата-ананың қалауы бойынша декреттік демалыста не баланың анасы не әкесі шыға алады. Жұмыс беруші бала тууға және оның күтіміне 3 жылға дейін жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Жалпы, жұмыс істесін не істемесін, босанған әйелдердің барлығына республикалық бюджеттен жәрдемақы төленеді.
Бір реттік жәрдемақының мөлшері:
1-ші,2-ші,3-ші балаға – 91390 теңге
4-ші және одан кейінгі балаға — 151 515 теңгеге тең.
Жұмыс істемейтін әйелдер 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін:
1-ші балаға — 13 852,8 тенге;
2-ші балаға — 16378,05 теңге;
3-ші балаға- 18879,25 теңге;
4-ші балаға — 21404,5 теңге алады.
Жұмыс істейтін әйелдер үшін:
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады – 0,4. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24 бөлу арқылы айқындалады. Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінің 40% аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс .

JoomShaper