Сұрақ: Базарда киім-кешек сатамын. Базарда сауда жасағаныма 20 жылдан асып кетсе де зейнетақы қорына бір де бір рет зейнетақы аударымын жасаған емеспін. Естуімше, енді өзін-өзі жұмыспен қамтушылар тапқан табысының 10 пайызын қорға аударуға міндетті екен. Мұны қалай және қайда барып, аударамын?

Жауап: Ерлан Алтаев

«Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған заңды тұлға ол сатушы, заңгер, немесе т.б ай сайын тапқан табыстың 10 пайызын зейнетақы қорына аударуға міндетті. Мәселен, егер сіздің табысыңыз 80000 теңге болса соның 10 пайызы 8000 теңгені қорға аударуыңыз қажет. Аударымдарды кез келген екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін арнайы есепші жалдаудың қажеті жоқ. Аударымдарды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жарналарды аудару қағидаларымен реттеледі. Осы қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.

JoomShaper