Сұрақ: Бала күтіміне байланысты демалыстан шыққанымда, мен жұмыс атқаратын мекеме әкімшілігі еңбек шартындағы жағдайларға қарамастан менің оқу жүктемемді 1.5 ставкадан 1 ставкаға қысқартты. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма?

Жауап: Ерлан Алтаев

Жұмыс беруші әрекеті заңсыз. Себебі, Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің 100 б. 3 т. сай бала күтіміне байланысты, бала үш жасқа толғанға дейінгі мерзімдегі, ақылы демалыс кезінде жұмысшының жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Сонымен қатар еңбек шартындағы жағдайлар біржақты тәртіппен өзгертіле алмайды. Еңбек шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі ҚР ЕК 33 б. 2 т. белгіленген.

JoomShaper