Сұрақ: Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясының құрылу тәртібі қандай?

Жауап берген Сүйіндікова Жанна: Өндірісте жазатайым жағдай болғанда жұмыс беруші міндетті түрде жазатайым жағдайға байланысты тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы акт (бұйрық) шығару (беру) керек. Жұмыс берушінің актісі (бұйрығы) жазатайым оқиға болған кезден бастап 24 сағат ішінде шығарылуы тиіс. Комиссияға тексеруді (обьективті) жан-жақты жүргізу жауапкершілігі жүктеледі. Комиссия құрамына міндетті түрде ұйым басшысы немесе оның орынбасары – төраға ретінде, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және жұмыскерлердің өкілі (кәсіподақ ұйымының өкілі) енгізіледі. ҚР Еңбек Кодексінің 188 б. 2 т. сәйкес жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

JoomShaper